22.10.2020
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

????Жүрегімізге қонымды Абай - лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні!

Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры, бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Абайдың әндері мен өлеңдерінің бізге толық жеткендігі, олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

????Алматы қаласы білім басқармасы және Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынның қара сөздері және өлеңдерін оқудан Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн байқауы 2020 жылдың қазан айының 15-16 шы жұлдызында өтіп, біздің мектептің дарынды оқушылары қатысты.

????Халықаралық байқаудың «Көркемсөз оқу» жанры бойынша Пак Белла 6 «К» оқушысы бас жүлде алса, Жармағанбетова Ламис 4 «К» сынып оқушысы ІІ орын иеленді, ал Салих Аягул 6 «А», Бейсенбаев Амир 7 «А», Бердіқұл Айзере 7 «А», Қанатқызы Зайни 7 «А» ІІІ орынды жеңіп алды. Бесембаева Жанар 4 «К», Ким Игорь 5 «L», Тенизбаев Алишер 5 «L», Утаргалиева Нурай 10 «К» Жармағамбетов Мансур 8 «К», Мансур Таир 8 «К», Ажимуратов Асқар 7 «А» белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, - «Эстрадалық вокал» жанрына бойынша Пак Белла 6 «К» мен Беккулов Арлан 1 «М» оқушылары ІІ орын, ал Берікбол Айару ІІІ орынға ие болды.

Халықаралық байқауға дайындаған ұстаздары Жунусов Д.Б., Кенбаева З.Р., Абишева А.Б., Жангабоев Н.С. алғыс хатпен марапатталды????

Связаться с нами