+7 (727) 97-000-97
Алматы қ., Самал 3, 37/1
Мектеп тынысы
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп
Мектептің миссиясы мен мұраты
ҰРАНЫМЫЗ
Дәстүрге сүйене отырып, келешекті
қалыптастырамыз!
МИССИЯМЫЗ
Қоғамда табысқа жете алатын тұлғаны тәрбиелеу
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп ұстанатын басты құндылықтар
Тұлға
Денсаулық пен қауіпсіздік
Білім мен машық
Еңбекқорлық пен табандылық
Отанды сүю
Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі қалыптастыру
Ішкі және сыртқы мәдениеттің жоғарғы деңгейі
Интеллект пен креатив
Ісіне, сөзіне және әрекетіне жауапкершілік
Толеранттық пен құрмет
Шығармашылықта өзін-өзі таныту еркіндігі
Бастамашылдық пен тәртіп
Мектеп директоры
Пак Олег
Владимирович
Директордың үндеуі
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп

Балалар мектепке білім алуға барады дейміз. Әңгіме тек сол қандай білім екенінде. Синус, косинус, квадрат теңдеулер деген күнделікті өмірде қолданыла бермейді. Ал тарих оқулықтарында баяндалатын кез келген оқиғаға кем дегенде екі көзқарас тұрғысы бар. 11-сыныпта оқытылатын физика заңдары жүздеген жылдар бұрын ашылған. Сонда балалар мектепке қандай білім алуға барады?

Біздің идеямыз – мектепте оқытылатын пәндер адамды қазіргі әлемде табысқа жетелейтін дағдылар мен қасиеттерді меңгеруге керемет үлгі екенінде. Мысалы, тарих балаларды фактілер мен оқиғаларды өзара байланыстыра сараптап, қоғамның даму заңдылықтарын түсінуге, болып жатқан жағдайларға өз көзқарас тұрғысын қалыптастырып, оны қорғай білуге үйретеді. Нақты ғылымдар айқын да анық себеп-салдар қатынасын түзу қабілетін дамытады. Икемді де креатив ойлау дағдысын қалыптастырудағы математиканың атқаратын қызметін асыра бағалау да қиын. Тіл үйренудің арқасында балаларға бүкіл дүниежүзімен тең сөйлесіп, ақпарат алмасуға мүмкіндік беріледі.

Адамның ертеңгі жетістігі бүгінгі меңгерген машығына байланысты. Біз өз Құндылықтарымызда Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің түлегінің бойынан табылатын қасиеттер мен дағдыларды көрсетуге ұмтыламыз. Менің ойымша, олардың ішіндегі ең маңыздысы – өзіндік тәртіп, эмоциялық интеллект, жауапкершілік, креатив және қабілеттерін ұштауға ұмтылыс болмақ. Осы аталған мінез сипаттары жас адамның кез келген қызмет саласында, оның ішінде оқуда, жұмыста және отбасында жарқын жетістіктерге жетуіне жол ашады.

Бұл айтылғандар біз академиялық білімнің маңызын жете бағаламайды деген ойға жетелемесе керек. Терең академиялық білім қашанда әкімшілік пен ұстаздар жұмысының басты бағыты болып қала береді. Ұстаз – Мектептегі басты тұлға. Жұдырықтай жұмылған ұжымымызда тек өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсете алатын нағыз мамандар жұмыс істейді.

Таным мен шығармашылықтан рахаттану, жақсы атқарылған жұмыстан ләззат алу, достармен мазмұнды қатынастан бақытқа бөлену, жұдырықтай жұмылған қуатты мектеп қауымдастығымен араласу, өз бірегейлігің мен маңыздылығыңды сезіну – Мектеп балаға бере алатын және беруге тиіс оң сипатты эмоциялар осы.

Мектебімізге қош келдіңіз!

Толығырақ

Лицензиялар мен куәліктер