Орта мектеп
Шоқан Уәлиханов
атындағы жекеменшік мектеп
Біз әр оқушының жан-жақты дамуы үшін қауіпсіз орта жасаймыз.
Орта мектеп – баланың қалыптасуындағы негізгі кезең. Орта мектепте бала өзін, қабілет-қарымын, мүмкіндіктерін таниды, ары қарайғы даму жолын анықтайды. Осы кезеңде балаға терең академиялық білім беріп, әлеуметтік маңызды машықтарын қалыптастырып, тұлға қасиеттерін дамыту арқылы аяғын нық басып тұратын тұғыр ұсыну маңызды. Дәстүрлі ұғымдағы білім мен машықтарға қоса қазіргі оқушыларға әлеуметтік интеллект, қоршаған орта жөнінде сауат, ұлттық және жаһандық құндылықтар, өнімділік және кез келген әрекет түріндегі проактивтік керек. Біз әр оқушының барынша жан-жақты дамуына қауіпсіз ахуал және қолайлы орта қалыптастырамыз.
Мектепке қабылдану сатыларымен таныс болыңыздар.
Орта мектеп концепциясы
Кез келген әрекет түрін ұйымдастыру балалардың денсаулығына қамқорлық таныту ұстанымы тұрғысынан қарастырылады.
Терең академиялық білім, маңызды әлеуметтік машықтар, функционалдық, цифрлық, қоршаған орта туралы сауат – орта мектепте оқытудағы негізгі ұсталатын бағдарлар.
Оқушының жеке тұлға ретіндегі мақсатына, мүддесіне, қажеті мен қабілетіне бағдар ұстаудың арқасында әр оқушы өзінің бірегейлігі мен маңызын түсінуі қалыптасады.
Бүкіл адамзатқа ортақ ар-ұждан құндылықтары, асқақ мәдениет пен зияткерлік – орта мектеп оқушысының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын негізгі сипаттар.
Біздегі орта мектеп түлегі білімін өз бетімен жетілдіру және өз дағдыларын реттеу машықтарын меңгерген, өзінің даму бағытын айқындауға қабілетті.
Орта мектептегі негізгі және қосымша білім беру бағдарламасы
Академиялық бағдарлама
Интеллектуалдық дамыту
Шығармашылық
Спорт
Орта мектептегі білім беру (міндетті бағдарламасы) мыналарды
қамтиды:
- мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты;
- математика, қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту;
- 7 сағат математика;
- 6 сағат ағылшын тілі сабағы, оған қоса ағылшынша ойлау дағдысын дамыту
бағдарламасы;
- 1 сағат хореография.
Мектебіміз баланы сараптауға, саралауға, жалпылауға, салыстыруға, не
нәрсенің бастысы мен кейінгісін ажырата білуге, өз бетімен қорытынды жасай
алуға үйрететін интеллектуалдық үйірмелер ұсынады.
Баланың интеллектуалдық мәдениетін дамыту жолында мына үйірмелер
жұмыс істейді:
- баланың ойлауы мен сөйлеуін дамытудың авторлық бағдарламасы
- пәндік олимпиадалық дайындық
- жылдам оқу мен жылдам теру курстары
- шахмат
- пікірсайыс клубы
- робот техникасы
- кәріс, қытай, француз, неміс тілдері
- “Thinking Skills Building” курсы
Мектебіміз балаларға өзін, сезімдері мен қалауын көрсете алуына мүмкіндік
береді:
- көзешілік
- ағаштан бұйымдар жасау
- бейнелеу өнері
- аспаздық үйірмесі
- хореография
- эстрадалық және музыкалық үйірме
- қолөнер
- домбыра
- вокал
- театр
- телестудия
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі
- хореография
- футбол
- баскетбол
- волейбол
- үстел теннисі

Оқиғалар
Хабарласу