15 қазан күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин біздің Ш.Уәлиханов атындағы мектебімізге жұмыс сапарымен ат басын тіреді.
Экскурсия барысында премьер мырза мектептің техникалық жабдықталуын, компьютерлік сыныптарды, робототехника кабинеті мен дизайн орталығын, кітапхана және медиатеканы
жоғары бағалады. Мектепте оқу үдерісінің сапалы деңгейде жүруіне барлық жағдай жасалғандығын баса атап өтті.
Сондай-ақ, мектебіміздің одан әрі дамып, өркендеуіне тілек білдірді.