+7 (727) 97-000-97
Алматы қ., Самал 3, 37/1
30.10.2020
Жүлделі І орын бізде!

Алақай! Жүлделі бірінші орын! 

Шоқан Уалиханов атындағы мектептің 6 «А» сынып оқушысы Салих Аягүл «2020 жылдың құсы  - Ителгі» атты қалалық ашық балалар суреттер  онлайн байқауына қатысып жүлделі бірінші орынға ие болды.
Байқауды «Оқушылар сарайының» экологиялық биологиялық бөлімі мен  Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырып өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
• Қоршаған әлемдегі эстетикалық және экологиялық талғамды және әсемдікті қабылдауды дамыту, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу;
• Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы үшін жағдай жасау;
• Жас таланттардың шығармашылығында стиль мен үйлесімділік сезімін қалыптастыру, белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру, интернеттегі білім беру жағдайында балалардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Марапат құтты болсын!

Хабарласу