31.12.2021
ОҚУ ГРАНТТАРЫ

Құрметті достар!

????????Барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, ОҚУ ГРАНТТАРЫН жеңіп алған студенттердің есімдерін жариялаймыз!

Еске салайық, Қазақстан Республикасындағы мектептегі білім беру бағдарламасын әзірлеу аясында Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің атынан қазақ тілінде оқытатын 7-11 сынып оқушылары үшін 20 білім грантын бөлу туралы шешім қабылданған болатын! Іріктеу конкурстық негізде өткізілді және ол 4 кезеңнен тұрды.
➖➖➖➖
1. GPA өту балы 4,5
2. Бірнеше пәндер бойынша тест тапсыру
3. Баланың портфолиосына шолу
4. Ата-аналармен кездесіп, әңгімелесу

????Құттықтаймыз:
➖ Смажан Айқын, 7 сынып оқушысы, №126 лицей
➖ Мерекеева Аяулым, 7 сынып оқушысы, №92 лицей
➖ Дүйсехан Талшын, 7 сынып оқушысы, №172 гимназия
➖ Жандильдаева Камила, 8 сынып оқушысы, №39 лицей
➖ Алуадин Олжас, 8 сынып оқушысы,№146 гимназия
➖ Сабыржан Арман, 8 сынып оқушысы, № 92 лицей
➖ Рахмет Саяжан, 9 сынып оқушысы, №66 лицей, Нурсултан қ.

✅Осылайша, дәл осы студенттер Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте оқуға ТОЛЫҚ ГРАНТ иегері атанды.

????3-тоқсанда кездескенше!????

Жасыратыны жоқ, біз гранттар бойынша оқуға 20 орынды жариялаған болатынбыз, бірақ қалған қатысушылар тестілеудің БАРЛЫҚ кезеңдерінен өте алмағандықтан, тек бар болғаны 8 жеңімпаз анықталды.

Хабарласу