30.09.2022
"Ғылымдағы балалар – ғылымның болашағы" атты ғылыми форум

Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектептің оқушылары Попова Анастасия мен Жұмабайқызы Ақбота, жазғы лагерь форматында өткен "Ғылымдағы балалар – ғылымның болашағы" атты ғылыми форумға қатысты. Форумға республикалық және халықаралық байқаулардың барлық жүлдегерлері қатысты. Ұйымдастырушылар Алматы Дарыны және "International Centre of Scientific Collaborations". "Ғылымдағы балалар – ғылымның болашағы" ғылыми форумы, Қазақстанның ең әдемі де көрікті жерлерінің бірі – Іле-Алатау табиғи ұлттық паркінде орналасқан "Денсаулық" шипажайында өтті. Лагерде өткізген әр күн балалар үшін өте қызықты және әртүрлі бағдарламаға толы болды.Қатысушылар, арнайы дайындалған 22 сағаттық түрлі дәрістерді тыңдап, "Halyk Balyk" балық өсіру шаруашылығы мен Шарын ұлттық паркіне экскурсияға барды.Білім алушылар тәжірибеге толы құнды білім алып, естен кетпес керемет әсерге бөленді. Ғылымның құзыреттілігі мен коммуникативтілігін дамыту және ғылымға құмар жасөспірімдер үшін интерактивті алаң құра отырып, осы бағытты жандандыру ғылыми форумның негізгі мақсаты болды.

Хабарласу