13.12.2024
Жапониядан келген қонақтар

Осыдан жарты ай бұрын білім беру саласында озық тәжірибе алу мақсатында біздің әріптестеріміз мектеп негізін қалаушылармен бірге Жапония елінде болып келді. Жапон елі ыстық ықылас жылы лебіздерін аямады. Ал бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп жапондық делегацияны құшақ жая қарсы алуда. Бұл
кездесу барысында Тұрақты даму мақсаттарын (SDG) білім беру үдерісіне және мектептің корпоративтік мәдениетіне енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Осындай тәжірибе алмасу халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жаңа білім беру әдістерін дамытуға шабыт береді және тұрақты әрі үйлесімді болашақтың негізін қалау үшін маңызды рөл атқарады.

Хабарласу