Балаңыз 1-сыныпқа дайын ба?
1-сыныпқа қадам басқан балаңыздың алғашқы жетістігі — өз ана тілінде еркін сөйлеуі.
✅ Өзі туралы айтып бере алуы;
✅ Жыл мезгілдерін, жануарлар түрлерін, түстер мен геометриялық пішіндерді ажыратуы;
✅ Қисынды ойлау мен есте сақтау қабілеттерінің жақсы дамуы;
✅ Өзіне - өзі қызмет ете алуы керек.
Егер балаңыз 10 көлеміндегі сандарды танып, қосып-алуды меңгеріп, 1-2 буынды сөздерді оқи алса, бұл үлкен артықшылық!
Суретке қарап әңгіме құрастыру және өз ойын түсінікті жеткізу де маңызды дағдылардың бірі.
✨ Ең бастысы, балаңыз өз ана тілінде түсініп, еркін сөйлей алса, бұл үлкен жетістік! ????
Мектепке бейімделу кезеңінде мұғалімдер әр балаға жеке көңіл бөліп, олардың дағдылары мен білімін жетілдіруге бағытталған арнайы әдістемелерді қолданады. Сыныптағы шығармашылық тапсырмалар, ойын элементтері, топтық жұмыстар арқылы балалар бір-бірімен тез тіл табысып, жаңа ортаға үйренеді.
Балаңыздың мектепке дайын болуына үйде де үлкен көмек көрсете аласыз. Онымен бірге кітап оқу, әңгімелесу, қарапайым ойындар арқылы сандарды, пішіндерді, түстерді қайталау — мұның бәрі баланың сенімділігін арттырып, жаңа білім алуға деген қызығушылығын оятады.
Балаларыңыздың білім жолына мықты дайындықпен аттануына бірге атсалысайық!