23.05.2025
Shoqan Parents Forum: мектеп, отбасы және оқушы — біртұтас команда!

Shoqan мектебінде біз оқушыларымызға тек білім беріп қана қоймаймыз — біз XXI ғасырда мектеп  ұғымын қайта қалыптастырудамыз. Осы күндері өткен ата-аналар форумы ең маңызды тақырыпқа арналды. Оқушыларымыздың  өзін  құрметтейтін және шабыттанатын, үйлесімді  сезінетін орта қалай құрылуы керек? Мектебімізде білім беруді жәй  стандартқа сай емес, әр  оқушының жеке даму траекториясымен жұмыс жасауды көздейміз.

Біз дербес білім беру,  сенім туралы, отбасы мен мектептің келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы әңгімелестік. Тәжірибелерімізбен, жаңа өзгерітерге қатысты  көзқарастарымызбен бөлістік. Және осы тақырыптар айналасындағы талқыларымыздың шынымен ортақ болғанын қаладық. Өткен жыл бізге аналармен болған әңгімемен есте қалды. Биыл — алғаш рет әкелермен бас қостық. Бұл — шынымен шынайы, ашық әрі терең диалог болды. Ешқандай ресми, жасанды безендірусіз. Тек ең маңыздысы — балалар, жауапкершілік және мән-мағына туралы.

Шынымызды айтсақ: мектеп қанша тырысса да, осындай форумдарға ата-аналар өте аз келеді. Кейде балаларды тек өзіміз ғана оқытып жатқандай сезінеміз. Бірақ біз ешкімді кінәламаймыз. Біз диалогқа шақырамыз. Себебі біздің жасап жатқанымыздың барлығы:мектеп архитектурасынан бастап жаңа бағдарламаларға дейін — жалғыз мақсатпен көздейді. Әр оқушымыз өз-өзімен үйлесімде дамуы үшін. Жалғыз емес. Қолдау көрсететін мектеп және түсінетін, қолдайтын отбасымен бірге.

Бұл форум — көп еңбектің жемісі. Бұл жұмысқа бір жыл бойы пікірлес адамдардың командасы атсалысты. Біз оған көп күш, уақыт және жанымызды салдық. Себебі Shoqan Parents Forum — бұл тек мектеп туралы емес. Бұл — бәріміз туралы. Балаларды тәрбиелейтін, бағыттайтын және шабыттандыратын әрбір тұлға туралы.

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебінің негізін қалаушы

Тасмағамбетова Әсел

Хабарласу