Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте бүгін ерекше шара өтті!
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Жасыл Болашақ” экофестивалі — өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Таза Қазақстан” ұлттық жобасын қолдай отырып, бұл фестиваль балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Таза ауа, мөлдір су мен құнарлы жер — бұл тек табиғат байлығы ғана емес, әрбір баланың дені сау, бақытты өмір сүруіне қажетті орта екенін барлығымыз жақсы түсінеміз.
Мектебіміздің негізін қалаушы Асель Иманғалиқызы Тасмағамбетова — “Сәби” қайырымдылық қорының президенті, белгілі эколог әрі халықаралық деңгейдегі жобалардың қолдаушысы ретінде экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Оның бастамаларымен Shoqan мектебі тұрақты даму бағытында нақты қадамдар жасап, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті оқушыларға ерте бастан үйретіп жүр.
Фестиваль аясында мектеп аумағында ерекше символдық маңызы бар іс-шара өтті: “Бәйтерек” символикасын бейнелейтін, өрілген “Жанды бәйтерек” ағашы тікелей жанды киіз үйдің жанына отырғызылды. Бұл ағашты мектептің негізін қалаушысы Асель Иманғалиқызы мен Францияның Алматыдағы бас консулы Фабрис Неве бірге отырғызды. Бұл — табиғатпен үндестікте болашаққа деген сенімнің белгісі.
Фестиваль аясында балалар үшін қызықты эко ойындар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.Форматы ерекше: ойлан,ой қозға,жасап көр және қортынды жасауды жүзеге асырды.Әр қатысушы тұқымнан отырғызылған шырша ағашын,дәнін сепкен гүлін,жапырағы желкілдеген жас өскінді қуана өздерімен алып кетті.
Эко бокста тамаша кітап-“Қала деген —Мен”алған тәжірибені нақтылай түсуге шақырады.қатысушыларға эко сыйлықтар ұнайтынына сенімдіміз.
Экофестиваль аясында өткен экологиялық байқауға Алматы қаласының әртүрлі мектептерінен 80-нен астам бастауыш сынып оқушысы қатысты. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Фестивальдің сәтті өтуіне қолдау көрсеткен серіктестеріміз — Банк ЦентрКредит және Frutta компанияларына ерекше алғыс білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз – балалардың жарқын болашағына қосқан үлес.
“Жасыл Болашақ” — бұл тек мереке ғана емес, болашақ ұрпақтың табиғатпен үйлесімде өмір сүруін қалыптастыру жолындағы үлкен қадам.
Urban Forum Kazakhstan қолдауымен қатысушыларға 60 дана “Қала деген — Мен” атты құнды кітап сыйға тартылды. Бұл кітап — бала мен қала қарым-қатынасын тереңірек түсінуге бағытталған тамаша құрал.