Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп ТМД елдері аумағында LEED сертификатына ие болған жалғыз білім беру ұйымы болып табылады. Яғни мектеп құрылысы кезінде барлық халықаралық экологиялық талаптар сақталған.
LEED (The Leadership in Energy & Environmental Design) - бұл қоршаған ортаға ең аз әсер ететін Жасыл ғимараттарға (green building) арналған сертификаттаудың рейтингтік жүйесі. LEED сертификаттау жүйесі 1993 жылы Жасыл ғимараттар бойынша Американдық кеңеспен (United States Green Building Council (USGBC) жобалар мен ғимараттардың энерготиімділігі мен экологиялық сипатын бағалауға арналған құрылыс стандарты ретінде енгізілген.
LEED сертификатын алу үшін ғимарат халықаралық экологиялық талаптарға сәйкестігін дәлелдейді. Мысалы құрылыс объектісі энергия мен суды қолданудың тиімді технологияларымен, қалдық көлемі және қоршаған ортаға басқа да әсер ету көрсеткішін азайту технологияларымен қамтамасыз етілуі тиіс, және құрылыс кезінде тек экологиялық таза материалдар қолданылуы шарт. LEED бойынша талаптарға сәйкестіліктің басты талабы - ғимаратта тұратын адамдардың денсаулығын сақтау.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп ғимараты жаңа құрылыс пен толық жөндеу жұмыстарынан кейінгі сараптық тексеріс кезінде ең аз өту деңгейі - 26 ұпай болғанда, 49 ұпайға ие болды. Бұл сараптаудан кейін ғимаратқа LEED v4 экологиялық қауіпсіздік көрсеткіші берілді, яғни құрылыс кезінде сапалы материалдар қолданылып, жоғары стандарттарға сәйкестілігі дәлелденді.
Ақпарат үшін:
Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп 2020 жылы Алматы қаласында құрылды. 1-11 сыныптырдың 800 оқушысына арналған, оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
Оның құрылтайшылары - отбасылық жұп - кәсіпкер Кеңес Ракишев пен филантроп, эколог Әсел Тасмағамбетова.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің LEED сертификатына ие болуы - Кеңес Ракишев пен Әсел Тасмағамбетова көп жылдар ішінде белсенді жүзеге асырып отырған ірі экологиялық жоба кезеңдерінің бірі.