31.12.2022
Кезекті жеңіс!

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушылары, Островский Кирилл мен Сабыржан Арман, 2022 жылғы 5-9 желтоқсанда Баку Экспо орталығында өткен saf (Steam Azerbaijan Festival) 2022 Халықаралық фестивалінде жүлделі 2-орынға ие болып, фестивальдың финалистері атанды.

Фестиваль Әзірбайжан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің қолдауымен өткен болатын.
STEAM фестивалі10 номинация бойынша және де озық инновациялық жобалар көрмесі форматтарында ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты-STEAM негізіндегі білім беруді қолдау, оқушыларға 21 ғасырдағы заманауи дағдыларды игеруге көмектесу, шығармашылық, цифрлық білім алушыларды анықтау және біріктіру, инновациялар мен цифрландыру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу.

Хабарласу