25.02.2023
Shoqan Ecology

«Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС мектеп оқушыларының ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын тудыру мақсатында Сіздерді 2023 жылдың 25-26 ақпанында офлайн форматта өтетін «Shoqan Ecology» жас ғалымдардың республикалық ғылыми форумына (бұдан әрі – Форум) қатысуға шақырады. Форумға Қазақстанның орта және арнаулы оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Форумның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, олардың зерттеушілік қабілетін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін ояту, оқушылардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды өз бетінше әрекет ету әдетін қалыптастыру.

Оқушылардың жұмыстарын академиялық адал негіздегі  құзыретті, тәуелсіз және бейтарап  қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының міндеті Форумға қатысушылардың жұмыстары мен өнерін кәсіби бағалауға, оларға дөрекі, әдепсіз қарым-қатынас жасамауға және қайшы көзқарас болдырмауға бағытталады.

Форум аясында түрлі мәселелерді шешуге бағытталған, жаратылыстану ғылымдары (химия, биология, физика, экология) салаларындағы теориялық, эксперименттік және қолданбалы баяндамалар тыңдалады:

  • Ауа сапасы/ластануы: қажетсіз химиялық заттардан немесе басқа материалдардан ауаның ластану жолдарын талдау, анықтау және шешу.
  • Топырақ сапасы/ластануы: Өсімдіктердің өсуіне және тірі организмдерге теріс әсер ететін, тұрақты түрдегі улы қосылыстардан, радиоактивті материалдардан немесе ауру тудыратын агенттерден топырақтың ластануын талдау, табу және жою.
  • Су сапасы/ластануы: Су ресурстарының жағдайын бағалау, антропогендік және табиғи ластаушы заттардан ластану жолдарын сараптау және шешу. Судың ластануы топырақ эрозиясынан, зауыттардан улы химикаттардың түсуінен және төгінділерден, сонымен қатар тұрмыстық ағынды сулардың немесе өндірістік және ауылшаруашылық қалдықтардың түсуінен болады.
  • Қалдықтарды азайту - қайта өңдеу - қайта пайдалану: Қалдықтардың алдын алу немесе қалдық көздерін азайту; Мүмкіндігінше улы заттардан тазартылған шыдамды материалдарды іздеу; Өндірісте шикізатты азырақ пайдалану; Беріктікті арттыру немесе бастапқы пайдаланудан кейін қайта пайдалану үшін өнімдерді қайта құру.
  • Тұрғындардың денсаулығы: қоршаған ортаның нашарлауынан туындаған қоғамдық денсаулық проблемаларын талдау, табу және шешу жолдарын қарастыру.

Форум тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: Алматы қ., 050059, Медеу ауданы, Самал-3 шағын ауданы, 37/1 үй, «Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп» ЖШС.

Форумға қатысқысы келетіндер 2023 жылдың 27 қаңтарына 17.00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің shoqanecology@shoqanschool.kz электрондық мекенжайына көлемі 19 МБ дейінгі келесі файлдарды бір файлда жіберулері қажет:

  • Форумға қатысуға өтініш;
  • Дизайнына қойылатын талаптарға сай титулдық беті жоқ ғылыми жұмыс;
  • Ғылыми жұмыстың титулдық беті;
  • 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртек;

Толық ақпарат: https://drive.google.com/file/d/1SFQmEJuKEdfsE49U18CRAQv_LKU_MeMA/view

Хабарласу