31.03.2023
«Shoqan Ecology» форумы

CAIER жас ғалымдардың бірінші форумын қолдады  

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам жоғары сынып оқушысы 25-26 ақпанда «Shoqan Ecology» бірінші республикалық экологиялық форумында ғылыми жұмыстарын ұсынды.

Жас ғалымдардың ғылыми форумын Caier (Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты) қолдауымен Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп ұйымдастырды.

Байқау қазылар алқасының құрамына экология, биология, мұнай-химия, тау-кен, химия өнеркәсібі, металлургия және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдар кірді.

«Экологиялық проблемалар Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін аса маңызды қауіптердің біріне айналды. Жануарлардың ерекше түрлерінің жойылуы, ауа мен судың ластануы, климаттың өзгеруі адамзат өміріне басты қауіп болып табылады. Өткен жылы жаһандық «Экологиялық қарыз күні» (адамзат болашақ ұрпақ қарызында өмір сүре бастайтын күн) 29 шілдеде келді; яғни адамзат табиғи «жыл бюджетін» пайдаланғанына жеті ай толды,  ал қалған бес айда біз қарызбен өмір сүреміз. Сондықтан мектепте қоршаған әлемге жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру және экологиялық ағартумен айналысу өте маңызды. «Shoqan Ecology» форумы - оқушылар үшін өздерінің экологиялық санасын көрсетуге, зерттеу жұмыстарын ұсынуға және жетекші ғалымдардың ұсыныстарын алуға мүмкіндік», - деп есептейді Әсел Тасмағамбетова, эколог және Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің негізін қалаушы.

Форумның негізгі мақсаты оқушылар арасында ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыру, зерттеу дағдыларын дамыту, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті ынталандыру, оқушылардың білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру, жас таланттарды анықтау болып табылады.

Сараптамалық қазылар алқасының тексерісіне 68 жұмыс ұсынылды, олардың авторлары Астана, Алматы, Ақтау, Жетісу облысы, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Петропавл және Түркістан мектептері болды.

Ғылыми іс-шара аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттар (химия, биология, физика, экология) бойынша экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалды.

Жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары «Ауаның, топырақтың және судың ластануы/сапасы», «Тұрғындардың денсаулығы», «Қалдықтарды басқару» секциялары бойынша бөлінген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша сарапшы қазылар алқасы ақшалай сыйлықтарға ие болған жас ғалымдардың 22 үздік жұмысын таңдады.

Жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрады.

Форумға қатысушылар үшін CAIER-ге экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында Әсел Тасмағамбетова жас ғалымдарды Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында ерікті болуға, сондай-ақ Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырды.  

            

               «Schoqan Ecology» форумының жүлдегерлері:

Бас жүлде:

500 000 тг

Бекбулат Жангерей Асқарұлы,

Кеңесбай Әлнұр Ерікұлы

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

Тараз

 

Бірінші орын:

200 000 тг

 

Каримова Аяжан, Ауталиф Амина

 

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

Алматы

 

Мадияров Алан, Чванько Максим

 

Тамос Эдьюкейшн

 

Алматы

 

Рыкова Ангелина

 

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Алматы

 

Мухаметжан Аяла Серікқызы и Шайқым Кәмила Алауқызы

Химия– биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі 

 

Алматы

 

Абатова Мадина Нурымжановна, Мейрам Расул Мейрамұлы

 

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

Көкшетау

 

Екінші орын:

150 000 тг

Бекмагамбетов Амирхан Русланович, Григорьев Артур Алексеевич

КГУ «Лицей №134»

 

Алматы

 

Жәнібек Аружан Әсетқызы

 

Физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі 

 

Көкшетау

 

Тарасова Алина, Галым Жанибек

 

Назарбаев Зияткерлік Мектебі   

 

Алматы

 

Қалас Әлішер Әмірбекұлы

 

«№ 41 орта мектеп» КММ

Алматы облысы

Пак Белла , Мукажанова Томирис

 

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Алматы

 

Үшінші орын:

100 000 тг

Демир Фатима

 

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Алматы

 

Мухтарбек Іңкәр Маралбекқызы

 

«№ 41 орта мектеп» КММ

Алматы облысы

 

Рахмет Саяжан Нұрқызы, Марат Арлан Айбекович

 

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Алматы

 

Ырысбек Нұрғалым

 

 С.А.Ходжиков атындағы

 №39 мамандандырылған лицей 

Алматы

 

Ғаниұлы Дархан

 

«Дана» жекеменшік мектебі

 

Алматы

 

Ынталандыру сыйлығы:

50 000 тг

Тлеужан Илияс Алмасұлы, Ришат Дильшат Ришатұлы, Абзал Қосай Бекболатұлы

 

Химия– биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі 

 

Ақтау

 

Оралбек Санжар Жанатұлы

 

Астана қаласы «Zharkyn Smart School» ЖМ

 

Астана

 

Шайхиев Арман Серикұлы

 

«№89 Мектеп - лицей »

 

Астана

 

Надырова Надиям Адильжановна, Умбеталы Жансая Жарасқызы

 

«№202 мектеп - гимназия» КММ

 

Алматы

 

Жумабайқызы Ақбота

 

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп

Алматы

 

 

 

Хабарласу