08.04.2023
«Жаңа ұрпаққа - жаңашыл мұғалім»

"Жекеменшік ұйымдардың Республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігі және «Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС

«Жаңа ұрпаққа - жаңашыл мұғалім» атты

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қалалық семинарға шақырады

 

Бүгінгі таңда оқытудың басты мақсаты – білім берудің жаңа моделін енгізу мен қалыптастыру. Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің білім саласында дамытуда атқарып отырған еңбегі зор. Білім мен тәрбие беру жұмысының нәтижелі болуы үшін Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Жаңа ұрпаққа - жаңашыл мұғалім» атты қалалық семинар өтетінін хабарлайды.

 

Семинар жұмысының негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін  оқытуда бүгінгі заманның  талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және  шығармашылық ізденісін жетілдіру, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу және тарату.

Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің  мұғалімдері  білім беру үдерісінде озық технологияларды қолдана отырып, шеберлік сағаттарын өткізеді.

Семинарға қатысушылар топқа бөлініп, ұстаздардың ашық сабақтарына қатыса алады.

Семинар соңы дөңгелек үстелде қорытындыланып, арнайы сертификаттар беріледі.

Міндеттері:

  • әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану жолдарын талқылау;
  • инновациялық педагогикалық тәсілдердің ерекшелігін талдау;
  • жаңа инновациялық педагогикалық тәсілдерді жетілдіруде мұғалімдердің белсенділіктерін арттыру.

 

Семинардың бағдарламасы:

 09.00-9.15 – тіркеу

 09.15-9.30 – кіріспе сөз

 

1-бөлім –теориялық

 

 

 

 

09.30 - 10.10  

10.20 – 11.00 

 

«Эссе жаза білеміз бе?» шеберлік сағаты А.С. Жабатай

«Мнемотехника» шеберлік сағаты

  Б. Е. Алуақас

11.10 - 11.50   

12.00-12.40

«БЖБ-ның орнына жобалық жұмыс өткізудің тиімділігі» шеберлік сағаты  Е.У.Анықбай

«Қазақ тілі сабақтарында цифрлық технологияны пайдалану»

шеберлік сағаты  Г.Ж.Жұмахметова

 

 12.40-13.10 – Түскі ас

 

 

2-бөлім - практикалық Ашық сабақтар

13.10-13.40

 

«Сандық технология» 10К З.Р.Кенбаева

«Абай – лирик ақын»  6 М Ж.Қ.Закван

 

« Дина күй шертеді»  3Л А.Б.Абишева

 

 3-бөлім – Рефлексия. Кері байланыс.

13.50-14.20 Музыкатерапия

14.30-15.00 Кері байланыс. Сертификаттарды табыстау

 

 

Өтетін орны: Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп ​

                                  мекен-жайы: Алматы қ. Самал-3, 37/1

Өтетін күні: 8 сәуір, 2023 жыл

Өтетін уақыты: 09.00 - 15.00

Оқыту форматы: офлайн

Оқыту тілі: қазақ

Семинардың құны: 15 000тг

СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ ОРЫНДАРЫ ШЕКТЕУЛІ!!!

 

Толық ақпаратты мына телефон арқылы біле аласыздар: 

+7 7088209015 Зухра Рысбекқызы

                            

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Семинарға қатысқысы келетіндер 2023 жылдың 01сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің Seminar@shoqanschool.kz электрондық мекенжайына келесі файлдарды бір файлда жіберулері қажет:

  • Семинарға қатысуға өтініш;

15 000 (он бес мың) теңге көлемінде тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртек

Хабарласу