Ғылым және зерттеу әлемінде әр жетістік ісіне деген адалдық және шексіз еңбек ету жолынан құралады. Ангелина, Шоқан Уәлиханов атынд. Жеке мектептің 11-сынып оқушысы ғылымға деген құштарлық және білімге алқынып талпынуынан айтарлықтай жетістіктерге жетуінде тамаша үлгі болып саналады.
Ангелина әрдайым химия және биология пәніне қызығып жүретін. Оның білімге деген құмарлығы және талпынысы мектепте химиялық- биологиялық бағдарды таңдауына әкелді. Ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі туындаған кезде, ол осы бір қызықты үдеріспен айналыса бастады.
Олардың интеграциялық зертхана меңгерушісі Ерболат Сайлануханұлымен серіктес болып құрылған зерттеуіш командалары «Artemisia annua L. медициналық өсімдік шикізатының негізінде медициналық өнімді өңдеу» атты өзекті тақырыпты қолдарына алды. Жоба өсімдікті жинау және оның құрамын талдаудан бастап карамель таблеткасын жасап, оларды Қазақстан Республикасының Фармакопеясына сәйкес стандарттаумен тәмамдалды.
2022 жылдың күз мезгілінде Ангелина Дарын ғылыми орталығынан аудандық олимпиадада бірінші орынға ие болды. Оның талабы мен ғылымға деген адалдығы ескерілмей қалған жоқ, және де ол қалалық сатыда бірінші орынды иемденіп ғылыми жолын жалғастырды.
Жарыста республикалық деңгейге жету үшін Ангелина іріктеуден сәтті өтіп, химия пәні бойынша тест тапсырды. Республикалық олимпиадада үлкен жетістіктерге жетіп екінші орынға ие болды.
2023 жылдың жаз мезгілінде Ангелинаның ғылым жолындағы жаңа сатысы басталды. Оның жасаған жобасы Қытайдағы CASTIC халықаралық конкурсқа қатысу үшін іріктеліп алынды. Аталмыш іс-шараға дайындалу барысында Ангелина өзінің жобасын ағылшын тіліне аударып, ауызша сөз сөйлеуге дайындалды.
Қытайда, мұқият төрешілер және басқа да қатысушылардың алдында Ангелина өзінің жобасын екін күннен қатар қорғадй. Оның қажырлығы көрінбей қалған жоқ, сөйтіп екінші орын алды. Бұл оның іскерлігінің, талпынысының және ғылыми қызығушылығынң триумфы болды.
Ангелинаның жолы – ғылымды сүйгеннің арқасында білімге деген қажырлы еңбегінің және тұрақты талпынысының арқасында үлкен нәтижеге жеткені туралы тарих. Оның тарихы – барлығымыз үшін берілген, шабыт, және де ол биік белестерге жету үшін ғылым әлемін әрі қарай зерттеп білуді жалғастыруда.
Ангелина – білімге және ғылыми зерттеуге деген құштарлықтың шексіз мүмкіндіктер әлеміне есік ашуының ашық үлгісі болмақ.