Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Заманауи әлем үлкен жылдамдықпен дамып келе жатқаны ешкімге құпия емес. Даму жағы күн сайын біздің алдымызға жаңа сындарды қоятын сөзсіз өзгерістердің орын алуына әкелмек. Әлемнің ажырамас бөлігі болып саналатын білім беру жүйесі міндетті түрде сұрауларына жауап беруі тиіс. Бүгінгі күні партада отырған балалар ертеңгі күні әлемімізді біліммен өзгертетінін барлығымыз білеміз, ал бұл тек мектепте ғана қалыптасатын жайт. Ата-аналар мен оқушылардың күткеніне сәйкес болу үшін, бүгінгі таңда біз 100 жыл бұрын мектепте қаралған классикалық статистикалық мекемеден алыстап, жаңа қалып негіздерінің іргесін қалаудамыз.
Қазіргі таңда мектеп – бұл икемді, қарқынды білім беру платформасы, қоршаған әлем мен адамды цифрландыру үдерістерімен тығыз байланысты барлық өзгерістер мен сұраныстарына шұғыл әрекет ететін ағза. Цифрландырудың «конвейерлік» оқытудан толығымен бас тарту мүмкіндігін бере отырып, керісінше, әр оқытылатындар үшін оңтайлы, дербес кәсіптік даму векторына жол ашады. Осыған байланысты, бізде өзінің өзектілігін тіпті 30-40 жылдан кейін де сақтай алатын тұрақтылық және жаңғыртыв негізден тұратын білім беру платформасын құру, жаңа заманауи форматтағы мектепті салу жөніндегі жаңа идея туындап жүзеге асты.
Соңғы жартыжылдың ішінде біздің жоба алға бір қадам басты және мен біздің командамыздың атымыздан Сіздермен кейбір жаңалықтармен бөліскім келіп тұр.
МЕКТЕПТІҢ ЕКІНШІ КОРПУСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Ең басты айтралықтай жаңалық жоғары кластар үшін мектепте екінші корпустың ашылуы. Біздің мақсатымыз оқушылардың өз потенциалын аша білетін оқу кешенін құру еді. Дербес кесте ұстанымы, дербес оқу сабағын жүргізуге арналған көптеген шағын бөлмелерден тұратын ғимаратты іштей жоспарлау, Advanced Placement , AP history және АP art бағдарламаларын енгізу. Осы барлық шешімдер ең басты мақсатты келешекте жүзеге асыру үшін қабылданған болатын, яғни, мектебіміздің түтлектері әлемдегі 20 ТОПтың ішіне кіретін ең мықты жоғары оқу орындарына оқуға түсуі.
UN GLOBAL COMPACT-қа ҚОСЫЛУ
Тағы бір айтарлықтай жаңалығымыз – ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN Global Compact) ғаламдық келісім-шартына қосылу және MIT ресми серіктесі құқығына ие болу болып табылады. Осы бір халықаралық жетістіктер мектептің адам құқығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік әділдікті қолдау және сыбайлас жемқорлықпен күресі міндеттемелерін растайды. Біз осы құндылықтардыңәділ және тұрақты әлемді құру үшін өмірлік қажет екеніне сенеміз.
Сондай- ақ, Мен, Сіздердің біздің командамыздың бір бөлігі болғандарыңызға өте қуаныштымын және де біздің одан арғы ынтымақтастығымыз бұдан да жоғары биік шыңдарды еңсеруде септігін тигізетініне үміттенемін.
А.И. Тасмағамбетова