Технологияның болашақты қалыптастыруда өзекті роль ойнайтын дүниеде Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп оқушылары өздері туралы жар салды!
2023 жылғы қыркүйекте олардың екі стартап-жобалары Astana Hub бойынша берілген 1000-нан аса өтінімнің арасынан іріктеліп алынды. Жетістікке жету тарихы іріктеу турынан басталып, Digital Bridge 2023 форумында әсер ететіндей презентациямен аяқталды.
Бастауына көз сала кетейік.
Кейде қағаз жүзінде жылтыр болып көрінетін идеялар шынайы жобалар әлемінде сындар мен қиындылықтарға тап болады. Осындай оқиға инновациялық тәсілді жылжымайтын мүлік әлеміне енгізу амалының барысында информатика пәнінің мұғалімі Медет Мәди және оның Ақтау қ. Назарбаев Зияткер Мектебінің оқушылары Расул абуов, Айсұлтан Бақтығали, Нұргелді Есенгелді, Данил Мухалев және Камила Қуатова құрамындағы команданың басынан өтті.
2021 жылы әдеттегідей спортзалға барған кезде Мәди Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында тұрғын үй кешенін салуды армандап жүрген кәсіпкерлермен танысады. Дегенмен, ер адам өзінің құрылыс басталардан бұрын пәтерлерді сатуды бастау керек екендігі туралы айтады. Бұл жоқ нәрсені қалай сатуға болады?- деген сұрақты туындатты.
Бұл жерде Мәди потенциалды сатып алушыларға объектті жобалау сатысынан бастап қарастыру мүмкіндігін бере отырып болашақ кешеннің 3D моделін құру идесын ұсынды. Идея оң жағынан көзқарас алып жұмыс басталып кетті.
Бірақ, жобаның жылжуына қарай кенеттен қиындықтар кездесе бастады. Жұмыстың бағасы күткен мөлшерден анағұрлым жоғары болып, жобаны бітіру үшін, команда өзінің жеке қаражатын ортаға салды. Бұл сынақ олар үшін бюджетпен және шығындарды басқарудағы ең бастапқы сабақ болды. Қаражаттық сындарға қарамастан, команданың еңсері түспеді. Қайта, бұл қиыншылық оларға мықты мұғалім блды. Олар қаражатты қалай дұрыс басқаруды өз қателерінің арқасында үйрене бастады.
Сонымен, 2023 жылға қайтсақ, Digital Bridge форумында Мәдидің командасы Эйлана Шалаева, Сахи Абдижапаров, Камила Жанділдаева, Ілияс Оразғалиев, Арлан Марат және Әмірхан Әсетов деген Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің оқушыларымен жинақталып бірінші жобаны ұсынды. Жоба жылжымайтын мүлікті сатып алудың инновациялық тәсілін көрсете білді. VR көзілдірігін қолдана отырып олар сатып алушыларға тұрғын үй кешенінің 3D моделін қарастыру бойынша ғажайып мүмкіндік сыйлады. Бұл технология потенциалды сатып алушыларға заттарды қолмен ұстап көру, жоспарламасын өзгерту және тіпті болашақ үйінің ауласында қыдыру мүмкіндігін бермек. Бұл дегеніміз жылжымайтын мүлікті сатып ғана қою емес; бұл тұрғын үйді таңдау үдерісін басқаша ойлау.
Ғажап командамен ұсынылған екінші жоба бизнес әлеміндегі маңызды проблеманы шешеді – бұл жұмыс орнындағы қауіпсіздік. Планшет арқылы жұмыс жасайтын бағдарламаларымен олар қызметкердің жай-күйін анықтап, дене қызуын өлшей алады, алкогольдік немесе есірткілік масаюын тексере алады. Осы инновациялық бағдарлама қызметкерлердің еңбек ету тиімділі мен өндірістілігін жоғарлатумен олардың қауіпсіздігі мен қамқорлықты қамтамасыз етеді.
Бұл жобалар – тек техникалық жетістіктер ғана емес – бұл үлкен еңбектің, бірігіп жұмсалған күштің және өз идеясына деген сенімділіктің нәтижесі. Оқушылар мұнда тек өздерінің білімдері мен дағдыларын ғана көрсете ғана қоймай, сондай-ақ, әлемді жаңа даму белестеріне итермелейтін сенімділік пен батылдығын көрсете білді.
Инновацияға деген жетістіктері мен құлшыныстарын ескере отырып, осы оқушылар мен олардың мұғалімі Мәди Медеттің форумға шақырылғаны таң қаларлық жай емес. Презентацияның сәтті өтті деп қана айту ештеңе айтпау деген сөз, себебі, балалар мұнда түрлі компаниялардан алғашқы тапсырыстарын қабылдап жұмыс барысына кірісіп кетті.
Олар жас кәсіпкерлер үшін шабыт бере отырып, стартап- жоба саласындағы күтілетін жоспардың деңгейін көтерді. Олардың жетістікке жету тарихы – жастардың тек болашағымыз ғана емес, сонымен қатар, әлемді жандандыра алатын қазіргіміз екенін таныта білді.