Кампус
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп құрылысында екі негізгі тұжырым үйлескен: жайлылық пен бейімделгіштік. Мектеп ғимараты қазіргі заманға сай стандарттар бойынша, қауіпсіздік талаптарын барынша ескере отырып салынған.
Кампусқа қатысты сандар:
430
асхана орынға лайықталған
600 м2
мектептің спорт залының ауданы
600
м2 мектептің спорт залының ауданы
80
инновациялық кітапхана оқу алаңқайынан тұрады
12
арнайы медиатекада жұмыс орны бар
345
мерекелер мен конференциялар өткізуге арналған акт залы орынға есептелген
10
оқушылар креатив аумақта тыныға алады
Келешектің мектебі

Мектептегі зертханалар кез келген эксперимент пен тәжірибе жасауға лайық жарақталған.

Көзе шеберханаларында кәсіби көзе шарғысы, станоктар мен бокстар орнатылған.

Робот техникасы кабинеті оқушылардың робот құрастыру, электроника мен механикадағы әлеуетін дамытуға арнап толық жабдықталған.

Мектеп оқушыларға аспаздық рахатына бөленуге толық лайық кеңістік ретінде оқу-жаттығу асүйін ұсынады.

Халықтың жүріп-тұруы қиын топтарына арналған қолжетімді орта.

Әр оқушының заттарын қоятын жеке шкафы бар.

Ішкі инфрақұрылым
Қауіпсіздік
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп – өрттен қорғау мен дабыл қағу жүйесіне қол жеткізуді қадағалайтын бақылау жүйесі орнатылған қауіпсіз аймақ. Олар өзара біріктірілген, сондықтан бір жүйедегі қандай да бір әрекет екіншісін іске қосады. Апат жағдайында дабыл қағу жүйесі әп-сәтте іске қосылады. Мектеп үнемі күзет агенттігінің бақылауында – мектептің іші мен сыртында жүзден аса камера орнатылған, қауіпсіздік жүйесі 24/7 жұмыс істеп тұрады.
Тамақтану
Мектебімізде балаларға берілетін тамақтың сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Мектептің барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай келетін тамақтану блогы бар. Аспаздарымыз асты тек экологиялық жағынан таза, балаға керек қоректік заттар мен дәрумендерге бай азық-түліктен әзірлейді. Біз азық-түлікті күнделікті сатып аламыз, сапаны үнемі бақылаймыз.
Медициналық қызмет
Мектебімізде балалардың физикалық және психикалық саулығына баса мән беріледі. Біздегі толық функционал бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін ескере отырып жабдықталған медицина кабинетінде әр оқушы дәрігердің не медбикенің көмегіне жүгіне алады. Маусымға сай екпе салу және суық тию мен инфекциялық аурулардың алдын алу жұмысы жүргізіледі. Оқушы керек жағдайда психологтан кеңес алып, логопедтің көмегіне жүгіне алады.
Заманға сай сыныптар
Мектептегі аудиториялар оқушылардың барынша тиімді жұмыс істеуі үшін техниканың соңғы жетістіктеріне сай жабдықталған. Парталар сапалы материалдардан жасалған, барынша ыңғайлы болуы үшін биіктігін өзгертуге болады, бұл оқушылардың жұмысқа қабілеті мен үлгеріміне оң ықпалын тигізеді. Оқу процесінде жайлылық ахуалын қалыптастыру үшін мектептің заманға сай ішкі жабдықталуында оқуға, еркін уақыт өткізуге және шығармашылыққа арналған аумақтар қарастырылған.
Хабарласу