03.06.2021
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары "Банк Центр Кредит"АҚ МО-да болды!

Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары "Банк Центр Кредит"АҚ МО-да болды @centercreditkz
Балаларға ақшаның, банктердің, карталардың пайда болу тарихы және табысты адамдардың мақсат қоя отырып, өз мақсаттарына жету жолындағы тарихы туралы сөз қозғалды. Көптеген мысалдар мен лайфхактар ұсынылды.

Біз кассаға өту арқылы, қауіпсіздік жүйесімен танысып, VIP клиенттердің менеджерімен кездесу өткіздік. Нағыз алтын құймаларын бақылай отырып, персо орталыққа түсу арқылы эмбоссер машинаның карталарды басып шығарғау сәтін бақыладық.

Оқудан кейін балаларға "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма Төрағасы Г. А. Хусаиновтың қаржылық сауаттылығы бойынша оқудан өткені туралы сертификаттар берілді.

Біздің оқушыларымызға осындай күннің пайдалы өтуіне мүмкіндік жасағаны үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа үлкен алғысымызды білдіреміз.

Хабарласу